Қытай ғарышқа үш бақылау серігін ұшырды

Қытай ғарышқа біреуі үлкен, екеуі кішкене үш бақылау серігін ұшырды.

1268112
Қытай ғарышқа үш бақылау серігін ұшырды

Қытай ғарышқа біреуі үлкен, екеуі кішкене үш бақылау серігін ұшырды.

Шинхуа агенттігінің хабарына қарағанда елдің Шанши уәлаятындағы Тайюан Серік ұшыру орталығынан ұшырылған жасанды серіктер Long March-4B рокетімен алдын ала жоспарланған орбитаға жолданды.

Ғарышқа жолданған жасанды серіктерден Қытай Ғарыш технологиялары академиясы тарапынан жетілдірілген Z-102D табиғи байлықтарды бағаландыру, экологиялық бақылау, апаттың алдын алу, қоршаған ортаны қорғау, қала жоспары үшін қолданылады.

Дүниеден 778 километр алыстағы орбитада 5 жыл бойы қызмет атқаратын Z-102D түрліше кендерден шыққан жарықтарды да зерттей алады. 

Екі жекеменшік компания тарапынан жетілдірілген 16 килограм салмағындағы екі шағын жасанды серік полюстардағы климатты бақылау үшін қолданылады.  



Ұқсас жаңалықтар