Қытайда 2 мың жыл бұрынғы зират табылды

Қытайда 2 мың жыл бұрынғы антикалық зират табылды.

1267080
Қытайда 2 мың жыл бұрынғы зират табылды

Қытайда 2 мың жыл бұрынғы зират  табылды.

Шинхуа агенттігінің хабарына қарағанда Санминшиа Мәдени мұралар және Археология институтының мамандары Санминшиа қаласының Лингбао ауданында жүргізген қазба жұмыстарында 76 мазары бар антикалық зиратты жер бетіне шығарды.

Лингбаодағы бір жол жөндеу жұмыстары кезінде табылған зиратты қазу барысында бір отбасына тән мазарлардан тыс, 720-дан астам керамика, темір және қоладан жасалған мұралар ортаға шығарылды.

Қазбадан шыққан мұралардың Хан Хандығы (Біздің ғасырымыздан бұрынғы 202 - Біздің ғасырымыздан кейінгі 220 жылдары) дәуірлеріне тән екені анықталды.

Мамандар зираттың Хан Хандығы дәуіріне байланысты зерттеулерге жол сілтейтінін білдірді.


Этикеттер: #зират , #мұралар , #Қытай

Ұқсас жаңалықтар