"Халықаралық Анадолы Феникс-2022" өтіп жатыр

Әскери жаттығуға құрлық, теңіз және әуе күштері, Әзербайжан, Польша және Солтүстік Кипр Түрік Республикасынан әскерлер қатысты.

1832571
"Халықаралық Анадолы Феникс-2022" өтіп жатыр
konya tatbikat.jpg

Түрік Әуе Күштері қолбасшылығы тарапынан жүйелі түрде жүзеге асырылатын "Халықаралық Анадолы Феникс-2022" әскери жаттығуының баспасөз күні аяқталды.

"Халықаралық Анадолы Феникс-2022" әскери жаттығуы Кониядағы 3-ші Бас реактивті базаның қолбасшылығында халықаралық элементтердің қатысуымен 16-27 мамыр арасында өткізілуде.

Әскери жаттығуға құрлық, теңіз және әуе күштері қолбасшылықтарымен бірге  Әзербайжан, Польша және Солтүстік Кипр Түрік Республикасынан да әскерлер қатысты.

Әскери жаттығу арқылы ортақ жұмыс қабілеттерін арттыратын міндеттерге дайындық өресін жоғарлату жоспарлануда.

Әскери жаттығу алдында баспасөз қызметкерлеріне жаттығуға қатысатын әуе көліктері таныстырылды. Артынан әскери жаттығудың тәжірибелік сатысы іске асты.

Осы барыста жараланған әскер мен кепілге алынған бір кісіні 3 тікұшақпен құтқару барысы жандантырылды.

Сонымен қатар F-16 әскери ұшақтарының нысаналарды ату әрекеттері көрсетілді.

Отандық және ұлттық мүмкіндіктермен жасалған T-129 ATAK тікұшақтары белгіленген нысаналарды қалт жібермеді. 



Ұқсас жаңалықтар