Кешкі асты ішпеу салмақты арттырады

Уақытымен және дұрыс тамақтанбау денсаулыққа пайдасыз және салмақты арттырады екен.

1570800
Кешкі асты ішпеу салмақты арттырады

Кешкі асты ішпеу семіздік ауруына себеп болады. 

Sputnik-тің хабарына қарағанда Жапония Осака университеті мамандары 18 жас пен одан жоғарғы 17 мың 573 ер адам мен 8 мың 860 әйел студенттің денсаулық тіркеулерін зерттеген.

Үш жылдық тіркеулер зерттелген еңбекте кешкі асты ішпеген кісілердің салмақты арттыруға бейім немесе салмақтары жоғары екені анықталған. 

Кешкі асты ішпеу ер адамдарда 10.8 пайыз, әйелдерде 17.1 пайыз мөлшермен негізгі салмақты көбейтудің себебі болатыны анықталған.  

Салмағы артқан қатысушылардың бір бөлегінің тіпті аз ұйықтағаны, арақ ішкені және темекі тартқаны, олардың кешкі асты тұрақты ішкен адамдармен салыстырғанда қалған уақыттағы астың да уақытын өткізгендері байқалған.

Зерттеуде салмағы артқан ер адамдардың салмағы артпағандарға қарағанда тым кеш тамақтанғаны да анықталды. Салмағы артқан әйелдерде бұл жағдай байқалмады.

Кешкі ас ішпеудің салмақтың артуына неден себеп болғаны әлі толық анықталмады. Зерттеушілер мұның дұрыс тамақтанбаудан пайда болатын "Көп энергия алумен" байланысты болу мүмкіндігін қарастыруда.

Басқаша айтқанда, кешкі астың уақытын өткізу ашығу мөлшерін артыруы мүмкін. Бұл кісілердің қалыпты кезден тіпті көп тамақ жеуіне себеп болады.  



Ұқсас жаңалықтар