"Көгілдір теңізден Аталарға сәлем!" аясында теңізге сүңгіді

Еркен мен екі кішкентай спортшы "Нусрет" Мина кемесі алдынан шәйіттерге арнап теңізге гүл шоғын тастады.

1165203
"Көгілдір теңізден Аталарға сәлем!" аясында теңізге сүңгіді
birgul erken canakkale dalis1.jpg

Әлем сүңгу рекордсмені және ұлттық спортшы Биргүл Еркен 18 Наурыз Шейіттерді еске алу  және Чанаккале теңіз жеңісінің 104 жылдығына орай дем алмай 104 метр тереңдікке сүңгіді.

"Көгілдір теңізден Аталарға сәлем!" тақырыбымен ұйымдастырылған іс-шаралар аясында Дарданель Қалалық кемежайдан теңізге сүңгіген Еркен "Нусрет" Мина кемесі тұрған жерге барды.

Еркенге өз салаларында чемпион болған 104 кішкентай спортшы жолсерік болды.

Жағаға шыққан соң журналисттерге мәлімдеме жасаған Еркен 18 Наурыз Шейіттерді еске алу  және Чанаккале теңіз жеңісінің 104 жылдығына орай теңізге сүңгу өзін әсерлендіргенін жеткізді.

Бұл мақтаныш сезінетін іс-шара екенін білдірген Еркен мыналарды айтты:

"Сүңгуді бұл отанды, территорияны бізге сыйлаған шейіттерімізді еске алу үшін жасадық. "Нусрет" Мина кемесі алдынан шығуымыз да өте мағыналы болды. Өйткені жаудың кемелерін осы жерден кері қайтардық.  Дарданель ұлттық спортшысы ретінде осы жердегі сүңгуім және организация өте маңызды болды. Осы мағыналы сәтте "Көгілдір теңізден Аталарға сәлем берейік" дедік".

Осыдан кейін Еркен мен екі кішкентай спортшы "Нусрет" Мина кемесі алдынан шәйіттерге арнап теңізге гүл шоғын тастады. 

 



Ұқсас жаңалықтар