Әлем шахмат спортшылары Хаттушаны тамашалады

Шахмат Олимпиадалары үшін Чорумға келген 400 спортшы мен жетекшілері Хаттуша ежелгі қаласын аралады.

1299390
Әлем шахмат спортшылары Хаттушаны тамашалады
hattusa.jpg
hattusa.jpg

Түркия Шахмат Федерациясы тарапынан Чорум Қала әкімшілігінің демеуімен ұйымдастырылған Әлем 16 жастан төменгілердің Шахмат Олимпиадалары үшін Чорумға келген 400 спортшы мен жетекшілері Хаттуша ежелгі қаласын аралады. 

Австралиядан Үндістанға, Оңтүстік Африкадан Ресейге, Канададан Колумбияға дейінгі 6 құрлықтағы 38 елден келген өкілдер олимпиадалардағы екі күндік демалыста Анадолының ең байырғы өркениеттерінің бірі Хеттердің астанасы Хаттушаны тамашалау орайын тапты.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Білім, Ғылым және Мәдениет ұйымы ЮНЕСКО-ның Әлем Мәдени мұралары тізіміне енген Хет өркениетінің астанасы Хаттушаның 5 мың жылдық қала қалдықтарын зерттеген шахмат спортшылары Хет қамалдары алдында суретке түсті. 

Археологтардан мәлімет алған шетелдік спортшылардың тарих сапары Чорум мұражайында Малайзия командасының матчымен аяқтады.



Ұқсас жаңалықтар