Әлемдік ралли чемпионатының Түркиядағы сатысы басталды

Андреас Миккелсен мен Тьерри Нойвилл арнайы сатыда жақсы жетістік көрсетті.

1268639
Әлемдік ралли чемпионатының Түркиядағы сатысы басталды
00017548731.jpg
00017548738.jpg
thumbs_b_c_dcd0e0b28e1b63c9d7080fdc654ff0fa.jpg

Әлемдік ралли чемпионатының Түркиядағы сатысы басталды.

Андреас Миккелсен мен Тьерри Нойвилл арнайы сатыда жақсы жетістік көрсетті.

Әлем ралли чемпионатының 11-ші сатысы Түркияның Мармарис және төңірегінде өткізілетін болады.

8 жылдан кейін алғаш рет өткен жылы әлем чемпионаты күнтізбесіне енген Түркиядағы жарыстың алғашқы кезеңі аяқталды.

Соңғы дайындықтарын тамамдаған командалар Мармаристе жиналды.

Дриф-шоу көрермендердің назарын аударды.

Жүргізушілер қала орталығындағы Ататүрік алаңында 2 шақырымдық жолдан жүріп өтті.

Жарысты тамашалауға келген көпшілік жол бойына жиналды.

Мәреге екі команда бірдей уақытта келіп жетті және бірінші кезеңнің ең жылдамы атанды.

Норвегиялық Андреас Миккелсен мен бельгиялық Тьерри Нойвилл 2 минут 2 секундта мәреге жетті.

Чемпионаттың лидері эстониялық  Отт Танак  4 секундқа артта қалып, 8-ші болды. Соңғы 6 маусымдағы чемпион Себастьен Огиер 2 секунд айырмашылықпен 4-ші болды.



Ұқсас жаңалықтар