Әлемнің алғашқы биржасы

Бұларды білетін бе едіңіз? - 43

1298436
Әлемнің алғашқы биржасы

Әлемнің алғашқы биржасының Күтахияның Чавдархисар ауданындағы Айзаной ежелгі қаласында құрылғанын білетін бе едіңіз?

Айзаной Күтахия қала орталығына 58 км қашықтықта,  Чавдархисар ауданындағы ежелгі қала.  Айзаной мәдени құрылымымен «екінші Эфес» деп аталады.  1824 жылы табылған, ең жақсы сақталған археологиялық қалдықтар орын алған Рим қаласы Айзанойде 1970 жылдан бері қазба жұмыстары жүргізілуде.

Ежелгі қалада әлемнің ең жақсы сақталған Зевс храмы, 20 мың адамдық театр және онымен жапсарлас салынған 13 мың 500 адамдық стадион, екі монша,  бағаналы даңғыл, Кожашай жылғасы бойында бес көпір секілді сансыз ғимарат жарыққа шығарылды. Осылардың бірі 1995 жылы жарыққа шығарылған әлемнің алғашқы биржа ғимараты.  Ежелгі қаладағы храмның төңірегінде біздің дәуірімізден бұрынғы 3 мыңыншы жылдардан қалған елді мекен қабаттары бар.



Ұқсас жаңалықтар