Мардинде 11 мың 300 жылдық ғибадатхана табылды

Мардиннің Даргечит ауданында 4 құлпытасы бар Неолитикалық дәуірге тән ғибадатхана жер бетіне шығарылды.

1297356
Мардинде 11 мың 300 жылдық ғибадатхана табылды

Мардиннің Даргечит ауданында 11 мың 300 жылдық екені мөлшерленген ғибадатхана табылды. Мардин Мұражай директорлығы тарапынан 2012 жылы басталған археологиялық қазба жұмыстары жалғасып жатыр.

Тарих бойынша Сумер, Акад, Бабиль, Асур, Урарту, Рим, Аббаси, Селжук және Османлыны қамтыған 25 өркениеттің бесігі болған Мардиннің Даргечит ауданында 4 құлпытасы бар Неолитикалық дәуірге тән ғибадатхана жер бетіне шығарылды.

Неолитикалық дәуірге тән іргесіне шағыл тастар төселген қабырғалар мен қатты құм тағаны болған құрылыс жарыққа шығарылған алаңда Шанлыурфадағы Гөбеклитепемен бір дәуірге тән бір ғибадатхана да табылды. 

Жасалған зерттеулерге қарағанда ғибадатханада 4 құлпытас бар. Мөлшермен 11 мың 300 жылдық. 

Неолитикалық дәуірге тән 80 текшеметр үлкендіктегі ғибадатхана Гөбеклитепемен ұқсас ерекшеліктерге ие.

Ғибадатхана арқылы ауданға көптеген туристің келуі күтілуде.



Ұқсас жаңалықтар