Мұражайлар күнінде Трояда ерекше шаралар өткізіледі

«Еуропа Мұражай түні» шарасына биыл Чанаккаледегі Троя мұражайы да қатысады.

1827719
Мұражайлар күнінде Трояда ерекше шаралар өткізіледі

Биыл 18-ші рет ұйымдастырылатын «Еуропа Мұражай түні» шарасына биыл Чанаккаледегі Троя мұражайы да қатысады.

Троя мұражайының директоры Рыдван Гөлжүк Еуропа Кеңесі, ЮНЕСКО және Халықаралық Мұражайлар кеңесі (ICOM) бірлесіп 18-ші рет ұйымдастырған маңызды іс-шараның 18 мамырда өтетінін айтты.

Рыдван Гөлжүк оқиға күні Еуропадағы мұражайлардың жергілікті сағат 23.00-ге дейін ашық болатынын білдірді.

"Түркия бұл шараға 17 жылдан бері қатысып келеді. Биыл Троя мұражайы да қатысады. Бірақ ол өз ерекшелігімен қатысады. 18 мамырға қараған түні сағат 20.00-ден 24.00-ге дейін ашық боламыз. Біздің басқа мұражайлардан айырмашылығымыз осы. Біріншіден түнгі 00.00-ге дейін мұражайды аралау тегін болады. Екіншіден келушілерге арнайы жол көрсетуші беріп, Трояға бір түндік жеке түнгі экскурсия жасаймыз» деді ол.

Мұражай бағындағы зәйтүн тоғайында Троя аңызы мен Илиада эпосынан көріністерді қамтитын «Троя мұражайының 3D картасының» бейнесі болатынын атап көрсеткен Гөлжүк: "Біз бұл маңызды сәтті келушілермен бөлісеміз. Бұл біріншісі болмақ. Біз 18 мамырда 3D картаны (бейне карта жасау, табиғи текстураға сәйкес фильмдер мен анимациялар тарату) бастаймыз, бірақ жыл ьойы атаулы күндерде бес рет қайталайтын боламыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар