Мұражайлардың парақшалары бір жерге жинақталды

Енді Түркиядағы тарихи орындарды бір адрестен табуға болады.

1267517
Мұражайлардың парақшалары бір жерге жинақталды

Мәдениет және туризм министрлігіне қарасты барлық мұражай мен тарихи мекендердің әлеуметтік желідегі есептері мен веб парақшалары бір жерге жинақталды.

Енді Түркиядағы тарихи орындарды https://turkishmuseums.com адресінен табуға болады.

Мұражайларды брендке айналдыру мақсатымен жүзеге асырылған осы іс арқасында туристер мұражайларға байланысты көзқарас пен ұсыныстарын тікелей министрлікке жеткізе алады.

Виртуалды орталық әлеуметтік және цифрлық медиадағы мұражай таныстыру стратегиясы анықталғаннан кейін қалыптастырылды. Парақшада Түркиядағы мұражай мен тарихи орындардың суреттері мен бейнатаспалары да жарияланған.

Министрлік мұражайларды таныстыру үшін 9 қысқа бейнетаспа және сирек кездесетін туындылардың суреттерін әлеуметтік желіде жариялады. 15 мұражай  туралы жаңа бейнетаспалар түсіріліп жатыр.

Министрлік сонымен бірге мұражайда жақсы қызмет ұсыну және дұрыс жоспар үшін келушілер арасында сауалнама да жүргізеді.



Ұқсас жаңалықтар