"My French Фильм фестивалі" 18 қаңтарда басталады

"My French Фильм фестивалінде"  6 тақырыпта 28 қысқа және ұзын метражды фильм көрсетіледі.

1127285
"My French Фильм фестивалі" 18 қаңтарда басталады

Тұңғыш рет интернет арқылы тамашалатын француз текті фильм фестивалі "My French Фильм фестивалі" 18 қаңтарда басталады.

Француз Мәдениет орталығынан жасалған мәлімдемеде француз киносын әлемге таныстыруға өзін арнаған ұйым болып табылатын  "Unifrance" тарапынан биыл 9-мәрте ұйымдастырылатын  "My French Фильм фестивалінде"  6 тақырыпта 28 қысқа және ұзын метражды фильмдер көрсетіледі.

Бір ай бойынша жалғасатын фильм фестивалінде  барлық фильмдерді  MyFrenchFilmFestival.com платформасы арқылы компьютер, планшет немесе ақылды телефондар арқылы тамашалауға болады. 

Қазылар алқасы мүшелері Хоуда Беньямин, Корали Фаржеа, Микаэль Хэрс, Ким Нгуйен, Жако  Ван Дормель қатарлылар болатын фильм фестивалі соңында "Киноматография жүлдесі" интернет арқылы дауыс беру жолымен белгіленетін "Халық Лакоста жүлдесі" және "Халықаралық Баспасөз жүлдесі" иелеріне табыс етіледі.  

 



Ұқсас жаңалықтар