Мысырда жүздеген жәндіктің мумиясы табылды

"Heliopolitan" нанымының Таңғы тәңірі Кэпридің (Khepri) символы болған жәндіктің мумиясы табылды.

1086298
Мысырда жүздеген жәндіктің мумиясы табылды
misir giza kazi3.jpg
misir giza kazi2.jpg
misir giza kazi1.jpg

Мысырдың Гиза қаласындағы археологиялық қорғау алаңында "Heliopolitan" нанымының Таң уақытының тәңірі Кэпридің (Khepri) символы болған тынайтқыш қоңызының мумиясы табылды.

Саккара археологиялық қорғау алаңында жасалған қазба жұмыстары нәтижесінде араларында ежелгі Мысырда «қасиетті» деп қабылданған «Scarabaeus sacer» (тынайтқыш қоңызы) мумиясы да бар көптеген тарихы жәдігер ортаға шығарылды.

Аталмыш жаңалықты халықаралық қоғамға жеткізу үшін жасалған баспасөз жиналысына Мысыр Тарихы жәдігерлер министрі Халид әл-Анани, Тарихы жәдігерлер жоғары кеңесі хатшысы Мустафа Везири және көптеген өкілетті елші қатысты.

Везири баспасөз жиналысында жәндіктің мумиясының Мысыр мен әлемнің ең сирек жаңалықтарының бірі екенін атап көрсетті.

Әлемнің қалған мұражайларымен байланыс құрап, осындай бір мумияның қолдарында болып болмағаны жайлы сұрағандарын атап айтқан Везири «Байланысқан мұражайлар өздерінде жәндік мумиясы емес, табыттар бар екені жайлы мағлұмат бөлісті» деді.

Везири 10 сәуір күні басталған қазба жұмыстары нәтижесінде бір сандық ішінде 200 мумия Scarabaeus sacer, басқа бір сандықтың ішінде болса 2 Scarabaeus sacer табылғанын білдірді.

Везири табылған жәдігерлер арасында мумиялы жәдігерлер арасында мысықтар, бір кобра жылан, перғауындардың өліктер кітабы жайлы әңгімелеген папирус қағаздардың да бар екенін атап көрсетті.

Анани болса 7 перғауынның да мәйітін тапқандарын қоса айтты.



Ұқсас жаңалықтар