Өлітеңіз туристтерді баурауда

Өлітеңіз (Ölüdeniz) сұлу табиғаты, ғажайып географиясы және бай көне тарихи мұрағаттарымен туристтерді баурауда.

1466823
Өлітеңіз туристтерді баурауда

Мугланың Фетхие ауданындағы әлемге әйгілі Өлітеңіз (Ölüdeniz) сұлу табиғаты, ғажайып географиясы және бай көне тарихи мұрағаттарымен туристтерді баурауда. 

Бұл мекен Фетхие қаласынан 15 км қашықтықта, Жерорта теңізі жағалауында орналасқан. Мұнда Эгей теңізі Жерорта теңізімен ұштасады. Түркия үкіметі Өлітеңізді қорық ретінде өз қамқорлығына алып отыр. Бүгінде Өлітеңіз курорттық аймақ ретінде танымал.

Өлітеңізінің  табиғаты сұлу, көне тарихи мұрағаты мол, георрафиясы ғажайып, суы тап-таза көгілдір.

Өлітеңіздің ең маңызды ойын-сауығы парапланеризм. Бабадаг тауында биіктігі 1900 метрден асатын үш ұшыру алаңы бар. Олардың барлығы желдің әртүрлі бағыттары бойынша ұшуға арналған. 



Ұқсас жаңалықтар