Орыс «Sputnik V» вакцинасын Түркияда өндіру үшін келісім жасалды

Әлемде көптеген ел орыс вакцинасын тіркеп, өндірістік келіссөздер жүргізуде.

1570740
Орыс «Sputnik V» вакцинасын Түркияда өндіру үшін келісім жасалды

Орыс «Sputnik V» вакцинасын Түркияда өндіру үшін келісімге қол қойды.

Ресейлік Гамалеи Ұлттық эпидемиология және микробиология институты әзірлеген «Sputnik V» атты жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) вакцинасын Түркияда бірге өндіретін түрік серіктесі VisCoran фармацевтика өнеркәсібінің төрағасы Өзтүрік Оран «Технология трансфері және Денсаулық сақтау министрлігіндегі процедуралар аяқталған соң вакцина өндірісі үшін рұқсат алынады. Содан кейін Түркияда сынама өндіріс жасалып, кейін жаппай өндіріске өтеміз» деді.

Оран орыс вакцинасының зерттеу тарихының 20 жылдық екенін және «Эбола» ауруы үшін басталған бір жұмыстың нәтижесі соңында ашылғанын атап көрсетті.

Өзтүрік Оран «Sputnik V» вакцинасының 3-ші сатысының 44 мың адамда сыналғанын, нәтижесі болымды шыққан соң Ресейде қазірге дейін 2 миллионға таяу адамға вакцина егілгенін білдірді.

Оран әлемде көптеген елдің орыс вакцинасын тіркеп, өндірістік келіссөздер жүргізгенін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар