Отандық автомобильге қызығушылық артты

Өнеркәсіп және Технология министрі Мұстафа Варанк Отандық автомобильге қызығушылық артқанын айтты.

1359176
Отандық автомобильге қызығушылық артты

Өнеркәсіп және Технология министрі Мұстафа Варанк Түркияның Автомобиль талпыныс тобы өндірген Отандық автомобильге қызығушылық артқанын айтты.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде баспасөз қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берген министр Варанк Отандық автомобильге байланысты жаңалықтарды таныстырды.

Отандық автомобильге қызығушылықтың артқанын айтқан Варанк 10 елден бөлімше ашуға байланысты талап келгенін білдірді.

Министр Варанк:

"Шығанақ елдерінен, Орталық Азия және Германиядан Отандық көлігімізге бөлімше ашу талаптары бар" деді.

Министр Варанк Отандық автомобильдің  өз дәрежесінде бәсекешіл бір бағамен базарға шығарылатынын білдірді.

Министр сонымен бірге автомобиль базарға шыққан кезде инфрақұрылымының да дайын болатынын жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар