Президент Ердоған  Чанаккаледегі Троя Мұражайын ашты

Президент Троя Мұражайының Чанакалені күллі адамзат әлемі үшін қайтадан тартымды орталыққа айналдыру жобасының бір бөлшегі екенін білдірді.

1165906
Президент Ердоған  Чанаккаледегі Троя Мұражайын ашты

Президент Режеп Тайып Ердоған Троя Мұражайының Чанаккалені күллі адамзат әлемі үшін қайтадан тартымды орталыққа айналдыру жобасының бір бөлшегі екенін білдірді.

  Президент Ердоған Чанаккаледегі Троя Мұражайының беташарына қатысып, баяндама жасады.

Түрік мұражай ісін дамыту мақсатымен көптеген қадам басқандарын білдірген Ердоған:

"Ел көлеміндегі 142 мұражайымызды жаңаладық. 52 жаңа мұражай аштық. Коллекциясымен әлемдегі санаулы мұражайлар арасына кірген Анадолы Өркениеттер Мұражайына реставрация жасадық. Осылайша мұражай мен тарихи мекендерге келуші санын 2002 жылғы 7.4 миллионнан 2018 жылы 28.2 миллион адамға жеткіздік" деп көрсетті.

Президент Ердоған беташары өткізілген Троя Мұражайының Чанаккалені тарихымен қайта тоғыстыру, осы қасиетті қаланы ел, ұлт және бүкіл адамзат үшін қайтадан қызығу орталығына айналдыру жобасының соңғы бір шеңбері екенін атап өтті.   



Ұқсас жаңалықтар