Путин 2021 Нобель Бейбітшілік сыйлығына үміткер болды

Владимир Путинді 2021 Нобель Бейбітшілік сыйлығына үміткерлікке орыс жазушы Сергей Комков көрсеткен.

1496835
Путин 2021 Нобель Бейбітшілік сыйлығына үміткер болды

Ресей президенті Владимир Путин 2021 Нобель Бейбітшілік сыйлығына үміткер ретінде көрсетілді.

Орыс баспасөзіндегі хабарларға қарағанда Владимир Путин 2021 Нобель Бейбітшілік сыйлығына орыс жазушы Сергей Комков тарапынан үміткер ретінде көрсетілген. 

Нобель комитетіне үміткерлік хатының 9 қыркүйекте ұсынылғаны және осыдан кейін АҚШ президенті Дональд Трамптың сыйлыққа үміткер ретінде көрсетілгені білдірілді.

Кремль сарайының мәлімдемешісі Дмитрий Песков тақырыпқа байланысты:

"Үміткерлердің бағалануына байланысты бір жүйе бар. Сыйлық берілсе, жақсы, берілмесе де оқасы жоқ. Артық сөз қажетсіз" деді.

АҚШ президенті Дональд Трамптың 2021 Нобель Бейбітшілік сыйлығына үміткер ретінде көрсетілгені 9 қыркүйекте жарияланған болатын. 

Сонымен бірге орыс оппозиционер Алексей Навальныйдың да сыйлыққа үміткер ретінде көрсетілгені белгілі. 

 



Ұқсас жаңалықтар