Стамбулға екі айда 2 миллион 457 мың 518 шетелдік турист келді
Ақпан айында Стамбулға Ресей Федерациясынан 138 мың 957 адам келді.
Түркияның туризмдегі алдыңғы қатардағы қалаларының бірі Стамбул жылдың алғашқы 2 айында 2 миллион 457 мың 518 шетелдік қонақты қабылдады.
Мәдениет және туризм министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда қаңтар және ақпан айларында Стамбулға келген шетелдік турист саны өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 8,08 пайыз артты.
Стамбулды ақпан айында көбіне орыстар таңдады.
Ақпан айында Стамбулға Ресей Федерациясынан 138 мың 957 адам, Германиядан 95 мың 465 адам, Ираннан 75 мың 312 адам, Ұлыбританиядан 56 мың 430 адам, Франциядан 48 мың 902 адам, Сауд Арабиясынан 43 мың 415 адам және мен Америка Құрама Штаттарынанан 41 мың 472 адам келді.
Ұқсас жаңалықтар
Титаниктен шығарылған сағат аукционда сатылды
Жолаушылардың біріне тиесілі алтын сағат 900 мың фунт стерлингке алушысын тапты.
Голладияда Ислам дініне деген қызығушылық артуда
Голладияда « Король күні» іс-шараларына орай қасиетті Құран Кәрім таратылды.