Сүмела монастырын таныту мақсатты интернет парақшасы ашылды

Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун мәлімдеме жасады.

1464679
Сүмела монастырын таныту мақсатты интернет парақшасы ашылды

Коммуникация басқармасы Трабзон қаласындағы Сүмела монастырын таныту мақсатты интернет парақшасы дайындады.

Басқарма жасаған мәлімдемеде қалпына келтіру жұмыстарының артынан президент Режеп Тайып Ердоған тарапынан ашылған Сүмела монастырын таныту мақсатты «sumela.gov.tr» атты бір интернет парақшасы дайындады.

«Анадолының құпия ескерткіштері жарыққа шығады» жазуымен келушілерін қарсы алған интернет парақшасында Сүмела монастырының тарихы, сәулеті, қалпына келтіру жұмыстарына қатысты егжей-тегжей және фотосурет топтамасы орын алады.

Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун болса твиттер парақшасынан жасаған мәлімдемеде «Сүмела монастырын қалпына келтіру жұмыстарының артынан қайтадан келушілерге ашып, Анадолымыздың ежелгі мәдениетін сақтау бағытында үлкен қадам бастық. Сүмеланың тарихын, сәулетін және бірі-бірінен керемет фотосуреттерін 'sumela.gov.tr' интернет парақшамыздан назарларыңызға ұсынамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар