ТИКА Пәкістанда су тазалау жүйесін құрды

ТИКА Пәкістанда құрған жүйемен бір миллионнан астам адам таза суға қол жеткізеді.

1304477
ТИКА Пәкістанда су тазалау жүйесін құрды
tika pakistan.jpg
tika pakistan su.jpg

Түрік Ынтымақтастық және координация агенттігі басқармасы ТИКА тарапынан Пәкістанда құрылған таза суға қол жеткізудегі ең сенімді тәсілдердің бірі деп қабылданған кері осмос әдісі қолданылған су тазалау жүйесінің тұсауы кесілді.

Пәкістанның ең ірі қаласы Карачиде ТИКА және Аль-Хидмат қорының ынтымақтастығымен ашылған жүйенің қызметке бастау рәсіміне Мәдениет және туризм министрінің ақылшысы Камил Колабаш, ТИКА Карачи координаторы Ибрахим Катыржы және Аль-Хидмат қорының өкілдері қатысты.

Мөлшермен 210 миллиондық жан санының 21 миллионы таза су іше алмаған  Пәкістанда құрылған кері осмос су тазалау жүйесі арқылы сағатта 2 мың литр су тазаланады және бір миллионнан астам адам таза суға қол жеткізеді. 

ТИКА Пәкістанда бұрын да біреуі күн энергиясымен жұмыстанатын 3 кері осмос су тазалау жүйесін ашқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар