Тхэквондодан Еуропа чемпионатынан Түркияға алтын медаль

Тхэквондодан Еуропа жастар чемпионатында түрік спортшылар еркектерде 1 алтын мен 1 күміс, әйелдерде болса 1 қола медаль алды.

1085586
Тхэквондодан Еуропа чемпионатынан Түркияға алтын медаль

Польшада ұйымдастырылған Тхэквондодан Еуропа жастар чемпионатында еркектер 87 кг. салмақта Эмре Куталмыш Атешли алтын медаль алды.

Ұлттық спортшылар Варшава қаласында жалғасқан чемпионаттың үшінші күнінде 3 медальға қол жеткізді.

Еркектер 87 кг.да Эмре Куталмыш Атешли алтын медаль, еркектерде 68 кг. салмақта жарысқан Мехмет Кани Полат болса күміс медаль иеледі.

Түркияға үшінші медаль әйелдерден келді. 57 кг салмақтағы Туғба Йылмаз қола медаль алды.

Президент Режеп Тайып Ердоған Тхэквондодан Еуропа жастар чемпионатында алтын медаль алған Атешлиге телеграмма жіберіп, құттықтады.



Ұқсас жаңалықтар