Токио Олимпиадасының тағдыры қалай болмақ?

2020 Токио Олимпиада ойындары коронавирус себебімен кешіктірілген еді.

1491745
Токио Олимпиадасының тағдыры қалай болмақ?

24 шілде күні басталуы керек 2020 Токио Олимпиада ойындары мен 25 тамызда басталуы жоспарланған Паралимпиада ойындары коронавирус себебімен кешіктірілген еді.

2021 жылға кешіктірілген Олимпиада ойындары үшін жаңа күнтізбе 23 шілде,  Паралимпиада ойындары үшін 24 тамыз деп белгіленді.

Күнтізбе нақтыланса да,  әлем көлемінде жалғасып келе жатқан пандемия салдарынан организация туралы сұрақтар әлі өз орнында. Токио Олимпиада ойындарының организация комитетінің басшысы Тоширо Муто ойындардың болашағына байланысты журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Муто модель ретінде теннистен Америка ашық біріншілігін қабылдайтындарын білдірді. «Үлкен организация болып саналатын АҚШ Ашық біріншілігі проблемасыз ұйымдастырылды.  Бұл бізге батылдық береді және осыдан үйренеріміз көп. Турнирде бізге пайдалы  болатын нәрселер бар» деді ол.

«Токио Олимпиада ойындарына сеніміміз кәміл» деген жапон лауазым иесі спонсорлардың барлығының келісімшарттарды созуға жақсы қарайтынын және осы тақырыпта үмітті екенін айтты. Муто кешіктірілген Олимпиада ойындарының қаражаты және қабылданатын шараларға байланысты алдымыздағы аптада жапон басшылар және Халықаралық Олимпиада комитеті арасында кездесу болатынын еске салды.



Ұқсас жаңалықтар