Төрт айда 9 миллионға жуық адам келді

Түркияда қонақта болған шетелдіктер саны 172,51 пайызға артты.

1831092
Төрт айда 9 миллионға жуық адам келді

Биылғы жылдың қаңтар-сәуір кезеңінде Түркияға 8 миллион 885 мың 876 адам келген.

Мәдениет және туризм министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда, 2022 жылдың алғашқы 4 айында елге келген келушілердің 7 миллион 477 мың 47-сі шетелдіктер болса, шетелде тұратын азаматтар саны 1 миллион 408 мың 829 болды.

Аталған кезеңде қонақта болған шетелдіктер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 172,51 пайызға артты.

Түркияға ең көп турист жіберген елдер рейтингінде жылдың 4 айында Германия 339,81 пайыз өсіммен бірінші, Болгария 325,55 пайыздық өсіммен екінші, 236,77 пайызбен Иран үшінші орынды иеленді.

Ираннан кейін тиісінше Ресей Федерациясы мен Ұлыбритания тұр.

Сәуір айында Түркияға келген шетелдіктер саны болса өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 225,59 пайызға артып, 2 миллион 574 мың 423 адамды құрады.

Сәуір айында ең көп турист жіберген елдер рейтингінде Германия өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 630,34 пайыз өсіммен бірінші, Болгария 442,04 пайыздық өсіммен екінші, Англия 1446,83 пайызбен үшінші орын алды.

Ұлыбританиядан кейін Иран және Ресей Федерациясы келеді.



Ұқсас жаңалықтар