TRT -де жаңа маусымда жаңа сериалдар бар

Ибрахим Ерен осы маусымда тек тамашаланатын емес,  із қалдыратын туындылармен көрермен алдына шығатындарын айтты.

1494525
TRT -де жаңа маусымда жаңа сериалдар бар

Түркия Телерадио корпорациясы TRT атқару комитеті басшысы және бас директоры Ибрахим Ерен осы маусымда тек тамашаланатын емес,  із қалдыратын туындылармен көрермен алдына шығатындарын айтты.

Ерен Анадолы агенттігінің тілшісіне жаңа маусымда көрерменмен қауышатын туындылар туралы мәлімет берді.

Ерен коронавирус пандемиясы үрдісінде көрермен және тыңдарман үшін  жаңа контент өндіріп, жаңа эфир маусымы үшін жоспар жасағандарын айтты. «TRT осы маусым тек тамашаланатын емес,  із қалдыратын туындыларымен келеді» деді ол.

Ерен былай деді: «Осы маусым көрермендер көруге асығатын тарихи теле хикаяларымыз бар.  Тарихи сериалдардың TRT-де көрермен аудиториясы ауқымды.  Әрі Түркияда,  әрі әлемде бізден күтетіндері көп. Сонымен бірге көптен бері талқыланған, актерлер және режиссерлермен көптен бері ақылдасып жүрген сериалдарымыз бар. Осылардың бірі: «Ояну: Ұлы Селчук». Осы сериалда бүгінге дейін Ертұғрыл сериалымен таныс көрерменнің үміті ақталады деп ойлаймын»

Қаңтар айында болса «Барбарос» сериалының эфирге шығатынын айтқан Ибрахим Ерен: «Біздің теңіз шаруашылығы жаңа нәрсе емес. Ғасырлар бұрынғыға барады.  Барбарос Хайреттин паша да, Оруч Реис те өте маңызды тұлғалар.  Екеуі де Жерорта теңізін түрік көліне айналдырған батырлар» деді.



Ұқсас жаңалықтар