TRT-ден жаңа сериал

«Ояну: Ұлы Селчук»  атты сериялының бірінші бөлімі 28 қыркүйекте жарияланады.

1488415
TRT-ден жаңа сериал

Түркия Радио және Теледидар Корпорациясының (ТРТ) Селчук империясы жөніндегі жаңа «Ояну: Ұлы Селчук»  атты сериялының бірінші бөлімі 28 қыркүйекте жарияланады.

ТРТ жасаған мәлімдемеге сәйкес, өткен аптада есімсіз таратылған алғашқы жарнамалық фильмімен назар аударған қойылымның аты екінші тұсаукесерде «Ояну: Ұлы Селчук» ретінде таныстырылды.

Жаңа эфирлік кезеңге тамаша телехикаялармен кіруге дайындалып жатқан ТРТ 1-де «Қылышпен жарқырап, қаламмен жарықтандырылған ғасырдың» хикаясын баяндайтын «Ояну: Ұлы Селчук» 28 қыркүйек дүйсенбі күні беріледі.

Осы сериал арқылы ТРТ экрандарында жоғары бағаланған «Филинта», «Тірілу Ертұғрыл», «Паитах Абдулхамит» және «Я тәуелсіздік я да өлім» сынды тарихи серияларға тағы бір қуатты қойылым қосылды.

Жаңа қойылым актерлерімен, костюмдерімен, тарихи мекендері және оқиғаларымен назар аударады.



Ұқсас жаңалықтар