«ТРТ Халықаралық 23 сәуір балалар фестиваліне» 500 бала қатысады

«ТРТ Халықаралық 23 сәуір балалар фестивалінің» 46-шысына 29 елден 500 бала қатысады.

2128386
«ТРТ Халықаралық 23 сәуір балалар фестиваліне» 500 бала қатысады

Әлемдегі тұңғыш халықаралық балалар фестивалі «ТРТ Халықаралық 23 сәуір балалар фестивалінің» 29 елден 500 баланың басын бас қала Анкарада қосады.

ТРТ Бас дирекциясының мәлімдемесіне қарағанда алғаш рет 1979 жылы ұйымдастырылған фестивальде биыл Анкарадан бүкіл әлемге бейбітшілік хабарламасы жасалады.

Фестивальдің биыл құрметті қонағы «Әлем балалары бейбітшілік үшін қол ұстасты» тақырыбымен Палестина болады.

Шара аясында әлемнің түкпір-түкпірінен келген балалар алдымен Анкара Этлик қалалық ауруханасында ем қабылдап жатқан құрбыларына барады.

Анытқабирге баратын балаларды кейін фестивальдің демеушісі ТРТ-нің Бас директоры Мехмет Захид Собаджы қабылдайды.

Фестиваль үшін әлемнің түкпір-түкпірінен келген балалар 21 сәуір күні сағат 13.30-да Анкарадағы Ұлт бағында өтетін фестиваль шеруіне қатысады.

Ұлттық бақтағы сахнада кейбір елдердің бала ансамбльдері ұлттық би өнерлерін танытады.

Сахналық көрсетілімдерден кейін «TRT Çocuk» телеарнасының танымал кейіпкері «Рафадан Тайфа» музыкалық сахна қойылымы балаларға ұсынылады. Көпшілікке ашық өтетін фестивальде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.

22 сәуір күні Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіне баратын балаларды Мәжіліс төрағасы Нуман Куртулмуш қабылдайды.



Ұқсас жаңалықтар