Түрік донері Дубайде таныстырылады

Дубайдегі Gulfood 2020-да түрік донері таныстырылады.

1358298
Түрік донері Дубайде таныстырылады

Түрік донері Дубайде таныстырылады.

Донер қауымдастығының хабарына қарағанда,  донер өндірушілері әлемнің ең маңызды азық-түлік және сусын көрмелері арасында көрсетілген Дубайдегі Gulfood 2020-да түрік донерін таныстырады.

16-20 ақпан күндері арасында 25-ші рет өтетін көрмеге 100 мыңнан астам кәсіпкер қатысады.  200-ден астам елден келген қонақтарға түрік донері ұсынылады.

Хабарламада көзқарастарына орын берілген Донер қауымдастығының төрағасы Мұхаммед Незиф Эмек: «Бұл көрме тек аймақ елдері емес,  бүкіл әлемнің ең маңызды секторлық кездесуі. Толығымен кәсіпкерлерге бағытталған көрме.  Түрік донерінің әлемдегі танытушысы ретінде біз де стендімізді ашамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар