Түрік режиссерге Италияда тағы бір жүлде

Ферзан Өзпетек Италия киноематографиясының беделді FICE сыйлығына лайық деп табылды.

1497303
Түрік режиссерге Италияда тағы бір жүлде

Италияда тұратын түрік режиссер Ферзан Өзпетек Италия кинематографиясының беделді FICE сыйлығына лайық деп табылды.

Италияның алдынғы қатарлы кино сыншылары мен жазушылары қалыптастырған Италия Өнер және сынақ фильмдері федерациясы биылғы сыйлығын түрік режиссер Ферзан Өзпетекке беретінін жариялады.

Өзпетектің соңғы фильмін де қосқанда карьерасы бойы сапалы сценарийлер және оларды түсіру қабілеті,  актерлерге бағыт беруі және көрерменнің көңілінен шығуы себепті сыйлыққа лайықты деп табылғаны білдірілді. Ферзан Өзпетек «Салмақты сыйлық. Осындай маңызды сыйлыққа лайықты деп табылғаныма қуаныштымын» деді.

Өзпетек Мантова қаласында 5-8 қазан күндері өтетін кино кездесулеріне барып, 7 қазан күнгі марапат кешіне қатысатынын айтты.

Түрік режиссер осы айдың басында да 77-ші Венеция Халықаралық фильм фестивалі шеңберінде ұйымдастырылған шарада Италия Жазушылар және баспагерлер қауымдастығының арнайы жүлдесін алған болатын.

Өзпетектің он үшінші фильмі бүгін Италияда қойылымға шығады.



Ұқсас жаңалықтар