Түрік технология өнімдері дамыды

Қорғаныс өнеркәсібінде жетілдірілген өнімнің әскери құрлық пен әуе платформаларының барлығында қолданылатыны білдірілді.

1661600
Түрік технология өнімдері дамыды

Түрік қорғаныс өнеркәсібі экожүйесі әскери технологиялық өнімдерді локализациялау арқылы Түркияны осы саладағы үшінші өндіруші елге айналдырды.

Аселсан (Әскери электроникалық өнеркәсібі) қамдаушыларына берген қолдауы және ынтымақтастық арқылы қажет болған өнімдерге жергілікті және ұлттық шешімдер жетілдіруге мүмкіндік жаратуда.

Анова Зерттеу және жетілдіру технологиялары бизнес дамыту басқармасының директоры Динчер Оғуз әскери "fan" өнімдері тобы жөнінде 4 жылдан бері жұмыстанғандарын және ел үшін ерекше маңызды жергілікті өнімдер жаратылғанын айтты.

"Әскери "fan" өнімдерінің әлемде екі өндірісшісі бар. Біз үшінші болдық. Мақтанышпен айта аламын" деген Оғуз бұл өнімнің әскери құрлық пен әуе платформаларының барлығында қолданылатынын білдірді.

Шетелден алынған осындай өнімдердің елімізде өндірілуі елге қаржылай пайда жеткізгенін айтқан Оғуз осы тұрғыдан жергілікті өнімнің құнды және мағыналы екенін атап көрсетті.

Оғуз:

"Қысқа уақытта елдегі нарық үлесіміздің артуымен бірге өнімдерімізді шетелдермен бөлісуді нысанаға алдық. Осы бағыттағы жұмыстарымызды бастадық" деді.



Ұқсас жаңалықтар