Туризм фильмдері фестивалі Каппадокияда

Фестивальге 18 елден 45 өнерпаз, режиссер, продюсер және фильм алпауыттары қатысады.

1487882
Туризм фильмдері фестивалі Каппадокияда

5-ші Халықаралық Туризм фильмдері фестивалі Каппадокияда ұйымдастырылады.

Невшехир Қала әкімшілігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде 18 елден 45 өнерпаз, режиссер, продюсер және фильм алпауыттары қатысатын фестивальдің 15-18 қыркүйекте Каппадокияда ұйымдастырылатыны білдірілді.

Мәлімдемеде "Мәдениет және туризм" тақырыбындағы фильмдер бәсекеге түсетін фестиваль аясында конференция, көрме және ателье жұмыстары да өткізілетіні хабарланды. 

Фестивальдің Түркиядағы танымал туризм маркалары мен өкілдерінің басын қосуымен де маңызды болғанына меңзелген мәлімдемеде іс-шараның еліміз туризмін жандандыруы, туризм экономикасын дамытуы, мәдениет, өнер және тарихи байлықтарды әлемге таныстыру тұрғысынан да ерекшелетіні дәріптелді.

Іс-шараларда жаңа типті коронавируспен күрес аясында сақтық шаралары жасалғаны білдірілген мәлімдемеде фильм қойылымдарының 16-17 қыркүйек күндері Невшехир қамалындағы ашық алаңда өтетіні хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар