Түркан Шорай

Бұларды білетін бе едіңіз? - 36

1264881
Түркан Шорай

Дүние жүзіндегі киноға ең көп түскен актрисаның Түркан Шорай екенін білетін бе едіңіз?

Түрік киносының ең танымал актрисаларының бірі Түркан Шорай бүгінге дейін 222 фильмде ойнап,  «Әлемдегі киноға ең көп түскен актриса» рекордының иегері.

1960 жылдары есімі танымал бола бастаған Түркан Шорайдың қысқа уақытта атағы шықты. Өзі сомдаған әйел кейіпкерлер арқылы қоғамның көптеген мәселесіне тоқталды.  Халық та оны бауырына басты.

«Түрік киносының сұлтаны» деген атаққа ие Түркан Шорай кинематографияда тек актриса ретінде ғана емес,  режиссер ретінде де қызмет етті.



Ұқсас жаңалықтар