Түркияда Ораза айт тойлануда

Ораза айт мерекесі құтты болсын.

2126448
Түркияда Ораза айт тойлануда

Түркия мен әлемнің көптеген елдеріндегі мұсылмандар Ораза айт мерекесін тойлауда.

Ораза айттың бірінші күні айт намазын оқу үшін азаматтар мешіттерге ағылды.

Таң сәріден мешіттерді лық толтырған мұсылмандар намаздан кейін бір-бірін құттықтады.

Елордада азаматтар таңертеңнен бастап мешіттерді толтырды. Мешіттерге әртүрлі елдерден мұсылмандар өздерінің ұлттық киімдерімен келді. Намаздан соң елордалықтар айт мерекесін мешітте тойлады.

Стамбулдың түкпір-түкпірінен келген адамдар мен көптеген жергілікті және шетелдік туристер қаладағы үлкен және тарихи мешіттерде айт намазын оқыды. Намаздан кейін мешіт ауласы мен бақшасына жиналған жамағат айт мерекесін тойлады.

Түркияның басқа облыстарында  Ораза айттың бірінші күні айт намазын оқу үшін азаматтар мешіттерге ағылды. Намаздан кейін бір-бірін мерекемен тойлады.

Осы барыста Израильдің шектеулеріне қарамастан жаулау астындағы Шығыс Иерусалимдегі әл-Ақса мешітінде 60 мың мұсылман Ораза айт намазын оқыды.

Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Ауғанстан және Швеция мұсылмандары да айт намазынан кейін бір-бірімен  құшақтасып, айт мерекесін құттықтады.

Ораза айт мерекесі құтты болсын! Әр шаңыраққа бақ пен береке, бірлік пен татулық тілейміз. Алла Тағала сіз бен бізді келесі Рамазанға дейін аман-есен жеткізіп, мол сауапқа кенелуді нәсіп еткей.



Ұқсас жаңалықтар