Түркияға Болгариядан көп турист келеді
Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой ресми іссапармен Болгарияға барды.
Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой Болгария сапары барысында алдымен Болгария премьер-министрі Бойко Борисовпен кездескенін білдіріп, "Біз кездесуде екі ел арасындағы туризм әлеуетін қайтадан жандандыру тақырыбын қолға алдық. Сонымен қатар Османлы дәуірінен қалған мұрағаттардың реставрациямен байланысты жағдайды талқыладық. Осы жұмыстар үшін бір жол картасын белгіледік. Өте пайдалы бір кездесу болды" деді.
Болгария премьер-министр орынбасары және Туризм министрі Марияна Николовамен бірге Софияда ұйымдастырылған Түркия-Болгария аралас туризм комитеті 3-ші жиналысына қатысқан Ерсой бұл жерде екі ел арасында туризм саласында жасалған бір келісімге қол қойғанын түсіндірді.
Сәуір айынан бастап, Түркияда туризмді ашуды көздегендерін баяндаған Ерсой былай деді: "Осы тұрғыдан алғанда Болгариядан да Түркияға деген сұраныс өте көп. Қазір Болгария азаматтарының ең көп қызығушылық көрсеткен елдер қатарында Түркия екінші орынды алуда. Болгариядан өткен жылы Түркияға көп турист келді".
Ұқсас жаңалықтар
TRT World арнасының деректі фильмі АҚШ-та алтын медаль алды
«Off The Grid» деректі фильмі АҚШ-тағы Нью-Йорк фестивалінде алтын медальмен марапатталды.
TRT-нің «12 Punto 2024» финалистері белгілі болды
TRT-нің «12 Punto 2024» көркем фильмі номинациясында12 жоба финалға шықты.