Түркияның Вашингтон елшілігі ауызашар берді

Түркияның Вашингтон елшілігі АҚШ-тағы мұсылман зиялы өкілдері мен кейбір елдің дипломаттарына ауызашар берді.

1202494
Түркияның Вашингтон елшілігі ауызашар берді

Түркияның Вашингтон елшілігі ауызашар берді.

Түркияның Вашингтон елшілігі АҚШ-тағы мұсылман зиялы өкілдері мен АҚШ-тың астанасы Вашингтонда өмір сүрген кейбір елдің дипломаттарына Америка діни орталығында ауызашар берді.

Түркияның Вашингтон елшілігі тарапынан Америка діни орталығында берілген ауызашарға АҚШ-тағы мұсылман зиялы өкілдері мен АҚШ-тың астанасы Вашингтонда өмір сүрген кейбір елдің дипломаттары қатысты. Сонымен қатар ауызашарға АҚШ Мұсылман қауымы кеңесі бас хатшысы Усаме Джемал, Америка-Ислам қарым-қатынастар кеңесі төрағасы Нихад Авад және Ислам жәрдем қоғамы төрағасы Әнуер Хан сынды Америка мұсылман қауымының алдыңғы қатардағы тұлғалармен қоса  Солтүстік Кипр Түрік Республикасы, Пәкістан, Бангладеш және Гамбияның өкілетті және төтенше елшілері де қатысты.

Түркияның Вашингтонда өкілетті және төтенше елшісі Сердар Кылыч баяндамасында америкалық мұсылмандар мен түрік қауымы арасындағы қарым-қатынастардың барған сайын күшейгенін білдіріп, мұндай іс-шаралардың өте маңызды екенін түсіндірді.



Ұқсас жаңалықтар