Әуежайға Мұхаммед Әли аты беріледі

Мұхаммед Әлидің аты Америка Құрама Штаттарының Кентукки қаласындағы әуежайға беріледі.

1127630
Әуежайға Мұхаммед Әли аты беріледі

Спорт әлемінде «тарихи спортшы» деп аталған, 2016 жылы 74 жасында дүниеден озған атақты боксер Мұхаммед Әлидің аты Америка Құрама Штаттарының Кентукки қаласындағы әуежайға беріледі.

Кентуккиге қарасты Луисвилл әуежайының Атқару комитеті кешегі жиналысында базаның есімін «Луисвилл Мұхаммед Әли Халықаралық әуежайы» деп өзгертуге шешім қабылдады.

Мұхаммед Әлидің әйелі Лонни Әли аталмыш өзгеріске қуанғанын айтып: «Әли әлем азаматы болғанына қарамастан,  өз туған жерін еш ұмытпады» деді.

Мұсылман болмастан бұрынғы аты Кассиус Маркеллус Клэй болып табылатын Мұхаммед Әли 1942 жылы нәсілшілдік асқынып тұрған Луисвиллде дүниеге келді.

22 жас кезінде 1964 жылы ең жас Әлем чемпионы атанғаннан кейін Ислам дінін таңдағанын және есімін де Мұхаммед Әли деп өзгерткенін жариялады.



Ұқсас жаңалықтар