Украинаға қолдау концерті өткізілді

Руслана Анталияда концерт берді.

1827687
Украинаға қолдау концерті өткізілді

24 ақпаннан бері жалғасып келе жатқан  Ресей мен Украина арасындағы соғыстан зардап шеккен украин халқына қолдау көрсету мақсатында әнші Руслана Анталияда концерт берді.

2004 жылы Стамбулда өткен «Евровидение» байқауында жеңімпаз атанған украиналық әнші Руслана «Соғыссыз балалық шақ» жобасы аясында Украинаның Анталиядағы консулдығы мен Анталия украиндары қауымдастығы ұйымдастырған қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты.

Руслана осында журналистер алдында сөйлеген сөзінде Украинаның қиын соғыс кезеңін бастан өткеріп жатқанын және елінің бүкіл әлемнен қолдау күтетінін айтты.

Соғыс кезінде елінің қарусыз, қауқарсыз қалғанын айтқан украиналық әнші "Біз Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға көрсеткен қолдауы, адамгершілігі мен көмегі үшін алғыс айтамыз. Дәл қазір Украинада балалар, бейбіт тұрғындар, ерлер мен сарбаздар қырылып жатыр. Біз қазір өте көп жас буыннан айырылып қалып отырмыз. Бірнеше ай бұрын олар музыкамен айналысып, өнермен өмір сүріп жатты. Бірақ дәл қазір олар қолдарына қару алуға мәжбүр болды. Украинаның жағдайы қазір өте ауыр. Тым көп бейбіт тұрғындар қаза тапты. Тым көп адам азапталды. Мен тап қазір камера алдында қанша әйелдер мен балалардың қандай жәбір-жапа шеккенін айта алмаймын. Орыс армиясы үйлерімізді қиратты. Орыс әскері Украинаны Марсқа айналдырды. Ешқандай ғимарат, тұрғын үй қалмады. Бірақ украиндар аман қалды және бұл өз жемісін береді. Тіпті әжелер де танкке қарсы жүгіріп, оны тоқтатуға тырысуда. Сіз Украинадағы балалардан да сұрасаңыз олар: «Біз өз еліміз үшін күресеміз» дейді. Украиндар өте адал және бауырмал халық. Сондықтан бізге қолдау көрсетіп, сенім артуға болады».

Ашық алаңда өткен концертте Руслана көпшіліктің сүйікті әндерін шырқады.

Шараға Украинаның Түркиядағы өкілетті елшісі Васил Боднар және Украина азаматтары қатысты.

 



Ұқсас жаңалықтар