Украинаға жәрдем концерті өтеді

Концерттің билеттерін www.worlduniteforukraine.com сайтынан алуға болады.

1829838
Украинаға жәрдем концерті өтеді

Әлемге танымал музыканттар 24 ақпаннан бері жалғасып келе жатқан  Ресей мен Украина арасындағы соғыстан зардап шеккен украин халқына қолдау көрсету мақсатымен концерт береді.

Әйгілі музыкалық топтар Pink Floyd  пен Crash Test Dummies, украиналық әнші Руслана және Жамаладан басқа көптеген танымал өнерпаздар 17 маусымда интернет арқылы концерт ұйымдастырады.

24 ақпаннан бері жалғасып келе жатқан  Ресей мен Украина арасындағы соғыстан зардап шеккен украин халқына қолдау көрсету мақсатымен ұйымдастырылған іс-шаралар үшін билет пен бағыштар арқылы 10 миллион доллар жинауды нысанаға алған концерт Түркия уақыты бойынша сағат 03.00-те тікелей эфирде таратылады.

Іс-шараға билеттер www.worlduniteforukraine.com сайтында қолжетімді болады. Концерттен түскен кіріс соғыстан зардап шеккендердің азық-түлік, тұрғынүй, медициналық материалдар және киім-кешек қажеттерін қамдау мақсатымен және адам саудасына қарсы күресте қолданылады.

Концерт 24 сағат бойынша тамашаланады.



Ұқсас жаңалықтар