Украиналық теннисші Цуренко соғыстың үрейлі екенін айтты

Украиналық кәсіби әйел теннисші Лесия Цуренко елінде соғыс болып жатқанда теннис ойнағаны себепті көңілі жарым екенін айтты.

1850367
Украиналық теннисші Цуренко соғыстың үрейлі екенін айтты

Ұлыбританияның астанасы Лондонда өткен маусымның үшінші үлкен теннис турниріне қатысып, 3-ші турға дейін жеткен Цуренко «Мен өзімді өте кінәлі сезінемін» деді.

33 жастағы спортшы Цуренко спортты жалғастырып, жүлдеден түскен ақшаның 10 пайызын еліне гуманитарлық жәрдем үшін беретінін айтты.

Ресейдің еліне жасаған шапқыншылығы туралы сөз қозғаған украиналық рэкет "Мен ештеңе істей алмайтындай сезінемін. Украинада болып жатқан оқиға өте қорқынышты. Мен өзімді өте нашар сезінемін" деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар