Зәйтүн майын тұтыну өлім қаупін азайтады

Зәйтүн майын тұтыну барлық себептерден өлім қаупін 12 пайыз азайтқаны анықталды.

1761731
Зәйтүн майын тұтыну өлім қаупін азайтады

Зәйтүн майын тұтыну Альцгеймер ауруы, жүрек аурулары, қатерлі ісік қатарлы себептерден болатын өлім қаупін азайтқаны білдірілді.

Нәтижесі Американдық кардиология колледжінің журналында жарияланған зерттеуде АҚШ-та тұратын 60 мың 582 әйел мен 31 мың 801 ер адамның 1990-2018 жылдары арасындағы денсаулық жағдайлары бақыланды.

Күнде жарты қасық зәйтүн майын тұтынғандардың барлық аурулар мен жүрек мазасыздықтарынан туындаған өлім қаупін қолданбағандармен салыстырғанда 19 пайыз азайтқаны анықталды.

Зерттеуде күнде жарты қасықтан астам зәйтүн майын тұтынғандардың Альцгеймер ауруы және Паркинсон сияқты неврологиялық дегенеративті аурулардан өлім қаупін 29 пайыз, қатерлі ісіктен өлім қаупін 17 пайыз, тыныс жолы ауруларынан өлім қаупін 18 пайыз азайтқаны анықталды.

Зәйтүн майын тұтыну барлық себептерден өлім қаупін 12 пайыз азайтқаны анықталған зерттеуде малдың майын қолданумен салыстырған қауіпсізтің азайғаны, өсімдік майын қолданумен салыстырғанда өзгеріс болмағаны да білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар