Жапонияда түрік асханасы таныстырылуда

Түрік асханасы күндері 30 сәуір күніне дейін жалғасады.

2125735
Жапонияда түрік асханасы таныстырылуда
japonya'da turk mutfagi gunleri.jpg

Жапонияның бас қаласы Токиода екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 100 жылдығына орай ұйымдастырылған шаралар аясында түрік асханасы таныстырылды.

Дипломатиялық қатынастардың мерейтойына байланысты  2024 жылы түрлі шаралар жоспарланды. Осы шеңберде Түркияның Жапониядағы елшілігі «Түрік асханасы күндерін» ұйымдастырды.

Түрік Аспаздар федерациясы төрағасы Байрам Өзрек Токиоға алғаш рет келгендерін,  түрік асханасын таныстыруды мақсат еткендерін білдірді. Өзрек сорпа, тағам, тәтті, салаттардан тұратын 25 түрлі тағамды жапон азаматтарының ұнатқанын айтты.

Түрік асханасы күндері 30 сәуір күніне дейін жалғасады.



Ұқсас жаңалықтар