Жастар арасында жүзу чемпионаты басталады

Түркиядан 19 спортшы жарысады.

21 Ağustos 2019 06:49

Жастар арасындағы Бүкіләлемдік жүзу чемпионаты ертең Венгрияда басталады.

Түркия Жүзу федерациясының хабарламасына қарағанда,  25 тамыз күні аяқталатын чемпионатта Түркиядан 19 спортшы жарысады.

Будапештте жарысатын түрік спортшылардың тізімі төмендегідей:

Әйелдер:

Алейна Өзкан, Берил Бөджеклер, Гизем Гүвенч, Судем Денизли, Зехра Дуру Билгин, Мерве Тунджел, Дениз Ертан, Дога Баладжан,  Дефне Тачйылдыз, Дефне Джошкун.

Ерлер:

Батуралп Үнлү, Игит Аслан,  Мерт Кылавуз, Мерт Али Сатыр, Берке Сака, Демиркан Демир, Дерин Хансой, Емир Шимшек,  Бора Гүлшен.