Жерорта теңізі ойындарында Түркия бірінші

Бес күннің қорытындысы бойынша жалпы рейтингте 18 алтын, 9 күміс, 12 қола, жалпы 39 медальмен Түркия бірінші орынды иеледі.

1850311
Жерорта теңізі ойындарында Түркия бірінші

Түркия Алжирдің Оран қаласында өткен 19-шы Жерорта теңізі ойындарының 5-ші күнінде 39 медальмен жалпы тізімде бірінші орнын сақтап қалды.

Оран қаласында өтіп жатқан ойындардың 5-ші күні 25 маусымда түрік спортшылар10 алтын, 6 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды.

Бес күннің қорытындысы бойынша жалпы рейтингте 18 алтын, 9 күміс, 12 қола, жалпы 39 медальмен Түркия бірінші орында тұр.

Түркиядан кейінгі орында Италия тұрса, үшінші орын иесі Алжирге бұйырды.

Ойындардың 5-ші күні медаль алған спортшылар:

Күресте 50 келіде Евин Демирхан Явуз, 57 келіде Бедиха Гүн, 76 келіде Ясемин Адар Йигит алтын медаль алды.

53 келіде Зейнеп Йетгил, 68 келіде  Бусе Тосун Чавушоғлу күміс медальдың иесі болды.

Гимнастикада:

Ферхат Арикан, Адем Асил, Ибрахим Колак алтын медаль,

Адем Асил екі, Ахмет Өндер күміс медаль алды.

Ахмет Өндер, Ферхат Арикан, Адем Асил қола медальдың иегері болды.

Бадминтонда Өзге Байрак Багжы мен Емре Лале қола медаль алды.

Бочче добында Букет Өзтүрк, Бахар Чил, Инджи Еже Өзтүрк, Ибрахим Арсланташ алтын медаль, Ахмет Емре күміс медаль алды.



Ұқсас жаңалықтар