Аясофия мешіті ресми түрде ғибадатқа ашылды

Ердоған Аясофия мешітінің Дін Істері Басқармасына өткізіліп берілгенін және ғибадатқа ашылуына шешім қабылданғанын білдірді.

1452908
Аясофия мешіті ресми түрде ғибадатқа ашылды

Президент Режеп Тайып Ердоған Мемлекет кеңесінің 10-шы департаменті шешімімен Аясофияның ғибадатқа ашылуына орай Аясофия мешітінің Дін Істері Басқармасына өткізіліп берілгенін және ғибадатқа ашылуына шешім қабылданғанын білдірді. 

Мемлекет кеңесінің 10-шы департаменті Аясофияның мешіттен мұражайға өзгертілуіне байланысты 1934 жылы 24 қарашадағы Министрлер кабинеті шешімінің күшін жойды. Мемлекет кеңесінің шешімімен Аясофияда ғибадат жасаудың жолы ашылды. 

Президент Режеп Тайып Ердоған әлеуметтік ақпарат желісі Твиттерден "Қайырлы болсын!" деген мәлімдемесінде Аясофия мешітінің Дін Істері Басқармасына өткізіліп берілгенін хабарлады. 

Аясофия мешітінің әкімшілігі Дін Істері Басқармасына өткізіліп беріліп, ғибадатқа ашылуына байланысты Президенттің шешімі Ресми газетте жарияланды.  

Коммуникация басқармасының төрағасы Фахреттин Алтун тарихи Аясофия шешімінен кейін президент Режеп Тайып Ердоғанның бүгін Түркия сағаты бойынша 20.53-те ұлтқа үн қататынын хабарлады.  



Ұқсас жаңалықтар