Алтун НАТО саммитіне тоқталды

Алтун саммитте бөлшектеуші террор ұйымы ПКК мен оның жалғастарына қарсы ынтымақтастықтың қабылданғанын атап көрсетті.

1850222
Алтун НАТО саммитіне тоқталды

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун «Президент Режеп Тайып Ердоғанның Финляндия президенті Саули Ниинисте, Швеция премьер-министрі Магделена Андерссон және НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергпен өткізген саммитінде терроризммен байланысты алаңдаушылықтарымызға қатысты нақты және маңызды нәтижелерге қол жеткізілді» деп көрсетті.

Фахреттин Алтун әлеуметтік медиа парақшасында жасаған мәлімдемесінде  Испанияның астанасы Мадридте кеше және алдыңғы күні  өткізілген  НАТО саммитіне баға берді.

Алтун саммитте бөлшектеуші террор ұйымы ПКК мен оның жалғастарына қарсы ынтымақтастықтың қабылданғанын атап көрсетті.

Швеция мен Финляндияның террордың барлық түріне қарсы Түркияның жанында болуды және PYD/YPG мен ФЕТО-ға қолдау көрсетпеуге уәде бергендерін айтқан Алтун сөзін былай жалғастырды:«Сонымен бірге олар біздің қорғаныс өнеркәсібіне шектеулер мен санкциялар салмауға және осы саладағы ынтымақтастықты арттыруға келісті. Біз терроризм мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы ақпарат алмасу және ынтымақтастық механизмін құру туралы келістік. Сонымен бірге терроризмнен қылмысты деп танылған адамдарды экстрадициялау бойынша нақты қадамдар жасап, екіжақты келісімдер жасауға келістік».



Ұқсас жаңалықтар