Анкара Университеті "SARS-COV-2" вирусын оқшаулағанын жариялады

Университеттің ресми твиттер парақшасынан "SARS-COV-2" вирусын оқшаулауда табысқа жетілгені жарияланды.

1391861
Анкара Университеті "SARS-COV-2" вирусын оқшаулағанын жариялады

Анкара Университеті Биотехнология институты директоры профессор др. Айкут Өзкулдың жаңа коронавирусқа (Сovid-19) қарсы сарысу, вакцина және дәрі-дәрмек өндірудің алғашқы қадамы ретінде "SARS-COV-2" вирусын оқшаулауда табысқа жеткені жарияланды.

Анкара Университеті ресми твиттер парақшасынан жасалған мәлімдемеде профессор др. Айкут Өзкулдың жұмыстары жайлы мағлұмат берілді.

Мәлімдемеде «Университетіміздің Биотехнология институты директоры профессор др. Айкут Өзкул коронавирусқа қарсы (Сovid-19) сарысу, вакцина және дәрі-дәрмек өндірудің алғашқы қадамы ретінде "SARS-COV-2" вирусын оқшаулауда табысқа жетті» делінді.

Анкара Университеті ректоры профессор др. Эркан Ибиш жеке твиттер парақшасынан жасаған мәлімдемеде «Достарымды құттықтаймын. Жұмыстардың табыспен жалғасатынына сенемін» деді.

Анкара Университетіндегі жұмыстардың Биотехнология институты мен Мал дәрігерлігі факультеті құрамындағы вирологиялық зертханаларда жүргізілгені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар