"Бабадан мұра құндылықтарды одан әрі одан әрі дамыту үшін жұмыс жасаймыз"

Октай Әзірбайжанның марқұм президенті Гайдар Әлиевтің бейітінде болды.

1270092
"Бабадан мұра құндылықтарды одан әрі одан әрі дамыту үшін жұмыс жасаймыз"

Вице-президент Фуат Октай бабадан мұра болған құндылықтарды  одан әрі дамыту үшін жұмыс жасайтындарын айтты.

Фуат Октай Түркия-Әзірбайжан экономикалық комиссиясының бірлескен 8- отырысына қатысу мақсатымен  кеше Әзірбайжанның астанасы Бакуге барды.

Октай алдымен Хыябан мемлекеттік зиратына барып, Әзірбайжанның марқұм президенті Гайдар Әлиевтің бейітінде болды.

Октай Гайдар Алиевтің қабіріне гүл шоқтарын қойды, содан кейін 20 қаңтар шейіттері жатқан шейіттікке барып, Мәңгілік алау ескерткішінде дұға оқыды.

Кейін Октай Баку түрік шейіттігіне өтіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойып, мемориалдық кітапқа қол қойды.

Октай былай деп жазды:

“Түрік ұлтының өмір сүруі үшін жанын қиған біздің қымбатты шейіттеріміз, осы ұлттың батыр ұлдары. Мен Бакудің азат етілуінің 101-жылдығын мақтанышпен және зор қуанышпен атап өтетін осы күндері сіздің рухыңыз алдында тағзым еткеніме қуаныштымын. Бауырлас Әзірбайжанның қорғалуы және қасиетті отанның тәуелсіздігі үшін жаныңызды пида қылдыңыз. Сіздерді мейірімділікпен және құрметпен еске аламыз”

Октай артынан шейіттердің қабірлеріне гүл шоқтарын қалдырды.

Вице-президент кеше кешке Түркия елшілігінде  Әзірбайжанда жұмыс істейтін түрік кәсіпкерлерімен кездесті.

Октай мұнда сөйлеген сөзінде:

«Президент Режеп Тайып Ердоған мен Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев маңызды мақсат жариялады. Сауданы 15 миллиард долларға жеткізу. Бұл мақсат 2023 жылға дейінгі мақсат ретінде белгіленді. Біз мұны тек өзіміздің сауда көлемімізді дамыту ретінде қарастырып отырған жоқпыз. Әзірбайжанның 23-24 миллиард долларлық сауда көлемін екі есеге  дейін ұлғайту біздің ең үлкен тілегіміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар