Бір әскер шейіт болды

Ұлттық Қорғаныс министрлігі хабарлады.

1832756
Бір әскер шейіт болды

Ирактың солтүстігінде «Пенче-Килит» операциялық аймағында сепаратистік террор ұйымы PKK террористерінің оғынан бір әскер шейіт болды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі террористердің оғынан Мехмет Мерал атты сарбаздың шейіт болғанын білдірді. Мәлімдемеде «Бізді қайғыға батырған осы оқиғада қаза тапқан шейітімізге Алла Тағаладан рақым тілейміз. Қайғылы отбасына және Түрік Қарулы күштеріне көңіл айтып, сабыр тілейміз» деп айтылды.


Этикеттер: #шейіт , #әскер , #Ирак

Ұқсас жаңалықтар