БҰҰ өкілі Ердоғанға алғыс айтты

Селаме түрік делегациясының конференцияға қатысқанына риза болғанын айтты.

1345327
БҰҰ өкілі Ердоғанға алғыс айтты

БҰҰ-ның Ливия арнайы өкілі Гассан Селаме Ливиядағы бітімге тақырыбымен айналысқан ТР президенті Ердоған мен РФ президенті Путинге алғыс айтты.

Тунисте жүріп Германияда болған Ливия конференциясы жөніндегі сұрақтарға жауап берген Селаме түрік делегациясының конференцияға қатысқанына риза болғанын айтты. Ол президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калынмен бес жиналыс және оңаша кездесудің өте тиімді өткенін білдірді.

БҰҰ өкілі: «Президент Ердоғанға қатысқаны үшін және конференцияның табысты болуына қосқан үлесі үшін алғыс айтамын» деді.

Ол Берлин конференциясындағы қорытындыны БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутеррештің Қауіпсіздік кеңесіне жеткізетінін білдірді.

«БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мүшелері осы апта Берлин конференциясында келісілген тақырыптарды шешімге айналдырар деп үміттенеміз. Бұл қаншалықты тез орындалса,  соншалықты жақсы» деді Селаме.

БҰҰ өкілі: «БҰҰ құзырында заңды Ұлттық Келісім үкіметі премьер-министрі Серрадж және елдің шығысындағы қарулы күштердің басшысы Хафтерден әскери комитет үшін бес тұлғаның аттарын жіберуді және осы комитеттің тез арада бас қосып,  бітімді түбегейлі күйге келтіру үшін шарттарды талқылап, бітім орнатуды қалаймыз» деді.

«Әскери жол картасында 5+5 әскери комитеттің Женевада бас қосуын тілеймін.  Уақыт пен орны бүгін немесе ертең белгілі болады. Келесі аптада  әскери комитеттің жиналыс өткізуін қамдауға тырысамыз» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар