Чавушоғлу Барзанимен кездесті

Түркия дағдарыстың шешілуі үшін көмегін аямайды.

1344998
Чавушоғлу Барзанимен кездесті

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Швейцарияның Давос қалашығында өткен 50-ші Бүкіләлемдік Экономикалық форумда Ирак Күрд аймақтық әкімшілігі басшысы Нечирван Барзанимен кездесті.

Министр Чавушоғлу баспасөзге жабық өткен кездесуде Түркияның Америка Құрама Штаттары мен Иран арасындағы келіспеушіліктен кейін Иракпен ұйымшылдық ішінде болғанын,  дағдарыстың шешілуі үшін жұмыстанғанын білдірді.  Министр қиын күндерде Ирактың бірлігі мен тұтастығын сақтап қалудың маңызды екенін атап көрсетті. 

Ирактағы проблемалардың тез арада шешіліп, тұрақтылық орнауы үшін Түркияның қолынан келген көмекті беретінін білдірген Чавушоғлу осы мақсатпен көзқарастарын жеткізгенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар